Екі адам түрлі жарақатпен жеткізілді
Батыс Қазақстанда жол апатынан үш адам көз жұмды, деп хабарлайды облыстық полиция департаменті.
БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметінен мәлім еткендей, оқиға 24 наурыз күні Орал-Атырау жолының 308-шақырымында Ақжайық ауданы аумағында болған.
«Шамамен сағат 14.30-да 1991 жылғы жүргізуші айдап келе жатқан «ГАЗ-330273-753» жүк көлігінің тіркемесі ағытылып, қарсы бетке шығып кеткен. Содан қарсы бетте 27 жастағы жүргізуші айдап келе жатқан «Тойота Камри» автокөлігімен соқтығысқан. Салдарынан «Тойота Камри» автокөлігінің жүргізушісі мен 22 және 42 жастағы екі жолаушысы оқиға орнында мерт болды.
Ақжайық аудандық орталық ауруханасына 1979 және 1991 жылғы екі адам түрлі жарақатпен жеткізілді. Аталған дерек бойынша ҚР ҚК 345-бабы 4-бөлігіне сәйкес қылмыстық іс қозғалып, барлық тиісті сараптамалар тағайындалды», - деп хабарлады ведомстводан.