Halyq Uni логотип
×

Молдаван тілі ресми түрде румын тіліне өзгертілді

Бұған дейін бұл шешімді Парламент бекіткен болатын

 Дастан Жұмабекұлы 24.03.2023 | 17:10
Молдаван тілі ресми түрде румын тіліне өзгертілді
фото: ашық дереккөз

Молдова Конституциясындағы, заңдары мен құқықтық құжаттарындағы «молдаван тілі» деген сөз «румын тілі» деген сөзбен ауыстырылады.

Молдова президенті Майя Санду ел Конституциясындағы мемлекеттік тілдің атауын «молдован тілінен» «румын тіліне» өзгерту туралы жарлыққа қол қойды. Конституцияда, барлық заңдар мен нормативтік актілерде мәтіндер ауыстырылады. Бұған дейін бұл шешімді Молдова Парламенті бекіткен болатын.

Молдован тілі жеке тіл ме, әлде румын тілінің басқа атауы ма деген пікірталастар ел тәуелсіздік алғаннан бері толастаған жоқ. 2013 жылы Молдованың Конституциялық соты румын тілін елдің мемлекеттік тілі деп таныған. 

Серіктес жаңалықтары

Сараптама