Ресей мен Беларусь хоккейден 2024 жылғы әлем чемпионатына жіберілмеді
Ұйым басшылығы спортшыларды жарыстарға қатыстырудың өзі қауіпсіздікке залал келтіреді деп санайды
Халықаралық хоккей федерациясы (IIHF) Ресей мен Беларусьті халықаралық турнирлердің бәрінен шеттетуді одан әрі жалғастырып жатыр.
Халықаралық хоккей федерациясы Ресей мен Беларусь құрамаларын 2023-2024 жылдарғы маусымда халықаралық жарыстарға жібермеу жөнінде шешім қабылдады, – делінген аталған ұйымның хабарламасында.
ХХФ-ның хабаралуынша, ұйым басшылығы ресейліктер мен белорустарды жарыстарға қатыстырудың өзі қауіпсіздікке залал келтіреді деп санайды.
Ресей және Беларусь құрамалары Халықаралық хоккей федерациясының шешімімен 2022 жылғы ақпан айынан бері халықаралық жарыстарға қатыстырылмай келеді. Оған Ресей армиясының 2022 жылғы ақпанда Украинаға басып кіруі және оған Беларусьтің қолдау көрсетуі бірден-бір себеп болып отыр.