Бұл жарысқа әлемнің 31 елінен 208 спортшы қатысып жатыр
Бүгін Үндістанның Бхопал қаласында винтовка және тапаншамен нысана көздеуден өтіп жатқан Әлем кубогы кезеңінде Александра Ле қола медальге ие болды.
Ол әйелдер арасында 10 метрден пневматикалық винтовкамен оқ атудан 261.2 ұпай жинады.
Бұл жарысқа әлемнің 31 елінен 208 спортшы жиналды. Оған елімізден 18 спортшы қатысып жатыр.
Әлем кубогының кезеңі 27 наурызда аяқталады. Жарыс Үндістанның Мадхья-Прадеш штатында болып жатыр.