×

Нысана көздеуші Александра Ле Әлем кубогының қола жүлдегері атанды

Бұл жарысқа әлемнің 31 елінен 208 спортшы қатысып жатыр

 Дастан Жұмабекұлы 24.03.2023 | 16:06
фото: Мәдениет және спорт министрлігінің Спортты дамыту дирекциясы

Бүгін Үндістанның Бхопал қаласында винтовка және тапаншамен нысана көздеуден өтіп жатқан Әлем кубогы кезеңінде Александра Ле қола медальге ие болды.

Ол әйелдер арасында 10 метрден пневматикалық винтовкамен оқ атудан 261.2 ұпай жинады.

Бұл жарысқа әлемнің 31 елінен 208 спортшы жиналды. Оған елімізден 18 спортшы қатысып жатыр.

Әлем кубогының кезеңі 27 наурызда аяқталады. Жарыс Үндістанның Мадхья-Прадеш штатында болып жатыр.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама