×

Жетісу облысында қарақұйрық атқан браконьерлер сотталды

Мемлекетке келтірілген залал 18,6 млн теңгеден асады

 Динара Амантай 24.03.2023 | 15:05
Фото: polisia.kz

Жетісу облысында мемлекетке 18,6 млн теңгеден аса залал келтірген браконьерлер жауапқа тартылды, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Полиция қызметкерлерінің мәліметінше, Қаратал ауданының соты Қызыл кітапқа енгізілген 3 қарақұйрықтың тұтас етімен ұсталған 4 браконьерге қатысты шешім шығарған.

Айта кетсек, қаңтар айының басында Қаратал ауданының далалық аймағында қызыл кітапқа енгізілген жануарларды заңсыз аулап жүрген көршілес Алматы облысының 4 тұрғыны ұсталған. Олардың автокөлігінің жүксалғышынан 3 қарақұйрықтың тұтас еті, сондай-ақ 3 атыс қаруы табылды. Мемлекетке келтірілген залал 18,6 млн теңгеден асады.

Ұсталған адамдар кінәлі деп танылып, ҚР ҚК-нің 337-бабы 4-бөлігі («Заңсыз аңшылық») бойынша сотталды. Төртеуіне қатысты 3 жылға бас бостандығын шектеу туралы үкім шығарылды және 5 жыл аң аулауға тыйым салынды. Өтелген залалдан бөлек, сотталғандардан сот шығындары үшін 48 мың теңге, сондай-ақ Қазақстан Республикасының жәбірленушілер қорына 276 мың теңге өндірілді, – деді Жетісу облысы ПД табиғатты қорғау полициясының аға инспекторы Бағлан Рымжанов.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама