×

Иран Әзербайжанға сес көрсетті

Парсы елің қарулы күштері шекараға шоғырланып жатыр

 Дастан Жұмабекұлы 24.03.2023 | 11:53
фото: ашық дереккөз

Иранның Ислам революциясын қорғау корпусы Әзербайжан президенті Ильхам Әлиевке сес көрсетті.  

ИИР-ның Sepah Pasdaran басылымана сілтеме жасаған eadaily.com сайтының хабарлауынша, Иран егер Әзербайжан президенті Ильхам Әлиев тарапынан «жаулық іс-әрекеттерді» байқайтын болса, бірден шабуыл жасайтынын мәлімдеді.

БАҚ мәліметтеріне қарағанда, қазір Иранның солтүстік-батыс өңірінде орнатылған әуе қорғаныс жүйесі мен армияның ракета бөлімдері әскери қақтығыс бола қалатын жағдайға дайын отыр.

Биыл жыл басынан бері Ислам революциясын қорғау корпусы (ИРҚК) Ильхам Әлиевке «Украина мен Саддам Хусейннің қателігін» қайталамауды ескертіп келеді.  Егер Иранға қарсы агрессия жасайтын болса, парсы елінің әскері бірден қару қолданады, – делінген хабарламада.

Басқа да дерекке қарағанда, Иранның солтүстік-батыс аймағында орналасқан Тебриз қаласында елдің қарулы күштері шоғырланған. Әзербайжан әскерлерінің жылжу бағытын бақылау үшін аспанға ұшақтар ұшып шығарылған.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама