Halyq Uni логотип
×

Францияда 20 жылға сотталған қазақстандық ақталып шықты

Бірнеше жыл бұрын күйеуі әйелі мен 2 жасар қызының көз алдында өз ата-анасын атып өлтірген

 Халық үні 24.03.2023 | 08:50
Францияда 20 жылға сотталған қазақстандық ақталып шықты
Фото: 24.kz

Францияда 20 жылға сотталған Қазақстан азаматы София Боднарчук ақталды. Оның кінәсіз екенін дәлелдеу үшін бірнеше жыл кетті. Ақтау ісінде қазақстандық дипломаттар көп көмек көрсеткен. София өз оқиғасын «Хабар 24» телеарнасына айтып берді.

Бірнеше жыл бұрын күйеуі әйелі мен 2 жасар қызының көз алдында өз ата-анасын атып өлтірген. Содан кейін ұзаққа созылған сот процесі болған. Қазақстандық әйелге күйеуінің отбасын қорғаған 6 адвокат айып таққан. Софияны отандастары қолдап, кейін іске Францияның қылмыстық істер бойынша белгілі қорғаушысы  мэтр Марсиаль қосылған.

«Мен жалғыз қалдым. Мен француз тілін де, ешқандай заңын да білмеймін. Сол кезде Франциядағы Қазақстан елшілігі мені қатты қолдады. Біздің бұрынғы елші Жан Сержанұлы Ғалиевке және заңды кеңесшісі Рүстем Өмірзақовқа үлкен алғыс айтамын. Көп жыл бойы олар мені қорғап, көмектесіп, сотқа қатысты және Қазақстандағы ата-анамды да  қолдады», - дейді Қарағанды облысынын тумасы.

«Қазақстандықтар, соның ішінде дипломаттар Софияның ісіне тез араласып, оны қорғауға алды. Үнемі қасында болды, хат жазды. Шаршамай барлық инстанцияға шағым түсіріп, Софияның кінәсіз екенін дәлелдеуге тырысты», - дейді адвокат Эдуард Марсиаль.

Қылмыс 2016 жылы болған. Францияда ұлы ата-анасын атып өлтірген. София франциялық түрмеде алдымен сотты күтіп, кейін күйеуінің жақтасы ретінде айыпталып, 5,5 жыл отырды. Сотта оны ешкім тыңдамаған, күйеуі бар кінәні әйеліне аудара берген.

«Оны әрдайым күйеуіне жақтасты деп айыптады. Сотта оның айтқан сөздерін ешкім тыңдамады. Брнеше адам әйелдің Францияға күйеуінің байлығын басып қалу үшін келгенін айтумен болды. Сондықтан қазақстандық 20 жылға сотталды», - дейді қорғаушы.

Соңында София Боднарчук ақталып шықты. Франция мемлекеті әділетсіз үкімі үшін оған келген залалды өтейтін болады. Өзінің кінәсіз екенін дәлелдеген қазақстандық енді баласы үшін күреспек. Бұл да бірнеше жылға созылуы мүмкін.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама