Halyq Uni логотип
×

Атырауда мұздың астына түсіп кеткен ер адамның мәйіті 2,5 айдан соң табылды

48 жастағы тұрғынның мәйітін 22 наурызда таңертең сағат 9.30 шамасында Жұмыскер-Балықшы көпірінің астынан алып шықты

 Халық үні 24.03.2023 | 06:31
Атырауда мұздың астына түсіп кеткен ер адамның мәйіті 2,5 айдан соң табылды
Фото: atpress.kz

5 қаңтар күні Жайық өзеніне батып кеткен азаматтың денесі табылды, деп хабарлайды AtyrauPress.

Бұл туралы «Каспиан ньюс» телеарнасы хабарлады.

Құтқарушылар 48 жастағы тұрғынның мәйітін 22 наурызда таңертең сағат 9.30 шамасында Жұмыскер-Балықшы көпірінің астынан алып шықты. Марқұмды іздестіру жұмыстары осыдан 5 күн бұрын жанданған еді.

Еске сала кетейік, жыл басында Жұмыскер ауылы маңындағы  көлік көпірі астынан екі адам балық ауламақ болған кезде мұз ойлыып, суға түсіп кеткен болатын. Оқиға орнына жеткен мамандар бір адамды судан аман алып шықты. Ал екіншісін он күн іздеп таппаған соң іздестіру жұмыстары тоқтатылған еді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама