×

Шымкентте олимпиадаға қатысып жатқан 12 оқушы ауруханаға жеткізілді

 Халық үні 23.03.2023 | 19:43
Фото: profile.ru

«Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығының 12 оқушысы Шымкенттегі олимпиададан кейін ауруханаға жеткізілді.

Орталықтың  мәліметінше, 21 наурыз күні кешкісін «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығының олимпиадасына қатысып жатқан  904 баланың 12-сінде температураның жоғарылауымен, ішек-асқазан жолдары функциясының бұзылуымен байланысты ауру белгілері пайда болған.

«Жедел жәрдем» дәрігерлерінің қарауынан кейін балаларды Шымкент қаласының жұқпалы аурулар ауруханасына жеткізу туралы шешім қабылданды.

«Қазір балалардың жағдайы тұрақты. Қаланың санитарлық-эпидемиологиялық қызметі жағдайдың себептерін анықтайды. Балалар медицина қызметкерлерінің, оның ішінде министрліктің бақылауында. Олимпиаданың ұйымдастыру комитеті осы қатысушыларға психологиялық қолдау көрсетеді. Жұмыс тобы әр сұрақты мұқият зерттейді. Жағдай Оқу-ағарту министрінің жеке бақылауында», - делінген хабарламада.

Оқу-ағарту министрінің тапсырмасы бойынша вице-министр Шолпан Каринова, орта білім комитеті төрағасының орынбасары және балалардың құқықтарын қорғау комитетінің төрағасы бастаған жұмыс тобы сол жерге аттанды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама