×

Президент Иордания Королімен телефон арқылы сөйлесті

Екі ел басшысы тұрақты байланысты жалғастыру жөнінде уағдаласты

 Динара Амантай 23.03.2023 | 16:36
Фото: egemen.kz

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Иордания Королі II Абдалла бен Хусейнмен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Иордания Хашимит Корольдігінің Королі II Абдалла бен Хусейнмен телефон арқылы сөйлесті.

Екі ел басшысы бір-бірін барша мұсылман қауымы үшін қасиетті саналатын Рамазан айының басталуымен құттықтады. 

Сондай-ақ екі елдің басшылары Қазақстан мен Иордания арасындағы қарым-қатынас перспективаларын талқылап, тұрақты байланысты жалғастыру жөнінде уағдаласты.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама