×

Қазақстанның 4 облысында дабылды ескерту жарияланды

Судың жайылуы және тасқыны болуы мүмкін

 Динара Амантай 23.03.2023 | 10:10
Фото: atpress.kz

Ақмола облысы, Қостанай облысы, Солтүстік Қазақстан облысы және Ұлытау облысында дауылды ескерту жарияланды, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

23 мен 25 наурыз аралығында ауаның оң мәнді температурасының сақталуы мен ары қарай жоғарылау болжамына байланысты Қостанай және Ұлытау (Ұлытау, Жаңаарқа аудандарының солтүстігі) облыстарында қарқынды қар еруі, еріген қар ағындысының қалыптасуы, мұздық құбылыстардың әлсіреуі жалғасады. Бұл ретте өзендерде су деңгейлерінің көтерілуі және судың жайылуы, сондай-ақ жергілікті маңызы бар жолдарды еріген қар суларымен су тасқыны қаупі болуы мүмкін.

23 мен 25 наурыз аралығында Ақмола және Солтүстік Қазақстан облыстарында температуралық фонның жоғарылауына байланысты қарқынды қар еруі, еріген қар ағындысының қалыптасуы, мұздық құбылыстардың әлсіреуі және өзендерде су деңгейлерінің көтерілуі күтіледі. Бұл ретте судың жайылуы және тасқыны болуы мүмкін.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама