×

Атыраудағы мал ауруы: Алматыдан барған ветеринарлар алдын-ала қорытынды шығарды

Нақты қорытындысын шығару үшін екі аптадай уақыт қажет

 Айнұр Асылбекқызы 05.04.2022 | 09:39
фото: Halyq Uni

Атырауда мал ауруына қатысты облыс әкімі Махамбет Досмұхамбетовтің қатысуымен жиын өтті. Жиынға Алматыдан арнайы шақырылған Қазақ ғылыми-зерттеу ветеринария институтының, Биологиялық қауіпсіздік проблемалары мен Ветеринария бойынша ұлттық референттік орталығы РМК мамандары және облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы басшысы мен аудан әкімдері қатысты. Оған қоса, жиынға облыстағы шаруа қожалықтарының өкілдері шақырылған болатын.

Ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Амангелді Саламат Алматыдан арнайы келген мамандармен және құрылған комиссиямен бірге Исатай, Құрманғазы және Қызылқоға ауданына барып келгенін мәлімдеді. Оның айтуынша, зерттеу үшін ауруға шалдықты делінген малдардың қаны мен ішкі ағзаларының сынамалары алынған.

Қазақ ғылыми-зерттеу ветеринария институтының маманы Серікбай Қадыров мал ауруына байланысты қазіргі жағдайды баяндады.

«Жүргізілген зерттеулердің алдын-ала қорытындысына сүйене отырып мынаны айтуға болады – ауырған малдарда қауіпті, жаппай таралатын инфекция жоқ. Бір байқағанымыз, ауырды деген малдардың күйі нашар. Зертханалық тексерулердің нәтижелерін алған соң нақты қорытындысын айтамыз. Ол үшін шамамен 10-15 күн уақыт керек. Жалпы ауырды деген малдардан жүйкелік-паралитикалық интоксикация нышандары байқалды. Қазір сараптама шыққанға дейін арнайы ерітінділерді қолдана отырып, деинтоксикация курсын өткізуге кеңес беремін», - деді Серікбай Қадыров.

Жиында облыс әкімі Махамбет Досмұхамбетов жауапты тұлғаларға мал ауруының алдын алуды тапсырды.

«Сараптама нәтижесі шыққан бойда шұғыл түрде тиісті іс-шараларды қабылдаңыздар. Ал, қазіргі сәтте берілген нұсқаулық бойынша алдын ала емдеу жұмыстарын ұйымдастыра беріңіздер. Шаруа қожалықтары мен мал иелерімен байланыста болып, істеліп жатқан жұмыстардан хабардар етіп, мамандар айтқан емдеу тәсілдерін түсіндіріңіздер», - деді аймақ басшысы.

Бұған дейін Ауыл шаруашылығы министрлігі Атырау облысындағы эпизоотиялық жағдайға қатысты Құрманғазы (9 бас) және Исатай (17 бас) аудандарында 26 бас жылқыдан ауру анықталғанын мәлімдеді

Серіктес жаңалықтары

Сараптама

Америкалық ірі компания 1 400 қызметкерін жұмыстан шығарады

McKinsey компаниясында 47 мыңға жуық адам жұмыс істейді
29.03.2023 | 13:38

Ресей спортшылары соғысқа қарсы шықса ғана жарыстарға жіберіледі – ХОК

Мұндай жеңілдік қауіпсіздік қызметімен байланысы бар спортшыларға берілмейді
29.03.2023 | 13:11

Ерлан Қошанов Мәжіліс төрағасы болып сайланды

Депутаттар Ерлан Қошановтың кандидатурасын қолдады
29.03.2023 | 12:41

Тәжікстанда Украинадағы соғыста қаза тапқан азамат жерленді

Ислом Саидмуродовтың артында 3 баласы қалды
29.03.2023 | 12:22