Түркістан облысында өзенге құлап кеткен 4 жасар қыз әлі табылмады

Халық үні

30-дан астам жергілікті тұрғын іздеу жұмыстарына қатысып, өзен арнасындағы әрбір жыраны қарап жүр

фото: inform.kz

Түркістан облысында 5 күн бұрын өзенге құлап кеткен 4 жасар қыз әлі табылмады. Бұл туралы Түркістан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат. 

Түлкібас ауданындағы Арыс өзеніне құлап кеткен 4 жасар қызды іздестіру жұмыстары тәулік бойы тоқтаусыз жүргізіліп жатыр. Қазір іздеу жұмыстарына Түркістан облысы ТЖД-нің жеке құрамынан 50 қызметкер мен 1 кинологиялық есеп қызметі және 4 техника жұмылдырылған.

Сондай-ақ, Шымкент қаласы төтенше жағдайлар департаментінен, Түркістан облысының полиция департаментінен және жергілікті атқарушы орган тарапынан арнайы мамандар мен техникалар жұмыс істеп жатыр. 30-дан астам жергілікті тұрғын іздеу жұмыстарына қатысып, өзен арнасындағы әрбір жыраны қарап жүр.

Айта кетейік, 17 наурыз күні сағат 17:00 шамасында үлкендердің қарауынсыз, Арыс өзеніне ойнауға барған бүлдіршінді су ағызып әкеткен болатын.