Шымкентте екінші жер сілкінісі болуы мүмкін бе? - ТЖД мәлімдеме жасады
21 наурызда сағат 22.47-де Шымкентте 3 балдық жер сілкінісі тіркелді.
Шымкентте екінші жер сілкінісі болуы мүмкін деген ақпарат шындыққа жанаспайды, деп хабарлайды otyrar.kz.
«Қала тұрғындарын үрейленбеуді, тек ресми ақпаратқа сенуді сұраймыз», - деді ведомствода.
Шымкент төтенше жағдайлар департаменті көрінеу жалған ақпарат таратқаны үшін қылмыстық жауапкершілік қарастырылғанын еске салды.
Айта кетейік, 21 наурызда сағат 22.47-де Шымкентте 3 балдық жер сілкінісі тіркелді. Зардап шеккендер мен қираған ғиамараттар жоқ.
Жер сілкінісінің ошағы Ауғанстанда болды. Қазақстан бойынша жер сілкінісі Тараз, Алматы, Астана, Қызылорда, Түркістан облыстарында да сезілді.