Биылғы пітір садақасы жан басына 535 теңге болып бекітілді.
Ертең, 23 наурызда Рамазан айы басталады. Осыған орай, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы ораза және намаз кестесін жариялады.
Биыл Рамазан айы 23 наурызда басталады. Ал, сәуір айының 17-нен 18-іне қараған түн – қасиетті Қадір түні. 21 сәуір – ораза айт мерекесі.
Биылғы пітір садақасы жан басына 535 теңге болып бекітілді. Пітір садақасы мөлшері еліміз бойынша екі келі ұнның ортақ бағасы негізінде белгіленді. Пітір садақасын құрма, мейіз бағасымен беруге болады.