×

Шетелдегі капиталды елге қайтару бойынша бес жұмыс тобы құрылды

Мемлекеттік кірістер комитетіне валюталық бақылаудың жекелеген функцияларын беру жөніндегі ұсыныстар талқыланды

 Ербол Тұрымбет 05.04.2022 | 09:28
коллаж: Halyq Uni

Премьер-министр Әлихан Смайылов капиталды шетелден елге қайтаруды ынталандыру және елімізден қаражаттың жылыстауына қарсы іс-қимыл жасауға бағытталған шараларды күшейту жөніндегі ұсыныстарды талқылау бойынша кеңес өткізді.

Осылайша, премьер-министр өкімімен комиссия құрылып, оның аясында бес жұмыс тобы әрекет етеді. Аталған жұмыс топтары ақшалай қаражаттың жылыстауы бойынша талдау жүргізіп, шетелдегі капиталды елге қайтаруды ынталандыру, шектеу шараларын енгізу, шығарылған капиталды қайтару шараларын қабылдауға байланысты тиісті ұсыныстарды әзірлейді.

Атап айтқанда, Мемлекеттік кірістер комитетіне валюталық бақылаудың жекелеген функцияларын беру жөніндегі ұсыныстар талқыланды.

Ынталандыру шараларының бірі – келіп түскен валюталық түсімнің 80%-ына айырбас жасалған жағдайда, қайтаруға ұсынылған ҚҚС сомаларын оңайлатылған тәртіппен өтеу.

Сондай-ақ резидент еместерге дивидендтер төлеу кезінде салықтық жеңілдіктерді жою, резидент емес өзара байланысты тұлғалар көрсеткен материалдық емес қызметтер бойынша шегерімдерді шектеуді енгізу сияқты шектеу шаралары ұсынылады. «Трансферттік баға белгілеу туралы» заңды жетілдіруге бағытталған нормалар әзірленді.

Одан бөлек, капиталды елге қайтаруды ынталандыру, сондай-ақ капиталды елден шығаруды салықтық әкімшілендіруді күшейту бойынша да шаралар пысықталып жатыр.

Еске салайық, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметтің кеңейтілген отырысында шетелге заңсыз шығарылған капиталды екі ай ішінде елге қайтаруды тапсырды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама

Алматы мәслихатына сайланған депутаттардың аты-жөні белгілі болды

Қала бойынша Amanat партиясы 51,94% дауыс жинады
24.03.2023 | 17:05

Ресей мен Беларусь хоккейден 2024 жылғы әлем чемпионатына жіберілмеді

Ұйым басшылығы спортшыларды жарыстарға қатыстырудың өзі қауіпсіздікке залал келтіреді деп санайды
24.03.2023 | 16:53

Атырауда трамадолды шамадан тыс қолданған спортшы суицид жасады (ВИДЕО)

Бұл препарат Украина, Ресей, Өзбекстан, Беларусь мемлекеттерінде есірткілердің тізіміне енгізілген
24.03.2023 | 16:32

Роналду жаңа рекорд жасады

Португалияның футболшысы ресми матчтарда 100 гол салды
24.03.2023 | 16:23