4 өңірде ескерту жарияланды

Халық үні

Солтүстік Қазақстан облысының солтүстігінде оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с күтіледі

Фото: Sputnik

Қазгидромет 22 наурызда бірнеше өңірде ауа райына байланысты ескерту жариялады.

Солтүстік Қазақстан облысының солтүстігінде оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с күтіледі.

Түркістан облысының таулы аудандарында найзағай күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, таулы аудандарында күші 15-20 м/с.

Қызылорда облысында жел солтүстік-шығыстан соғады, облыстың орталығында 15-20 м/с сақталады.

Қостанай облысының оңтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Ауа температурасы күндіз 0-5, облыстың оңтүстігінде 8 градус жылы болады.