Halyq Uni логотип
×

Алматыдан 848 шақырым қашықтықта болған жер сілкінісі Тараз бен Шымкентте сезілді

Зілзала Шымкент, Тараз қалаларында 3 балдық деңгейде сезілді

 Халық үні 21.03.2023 | 23:17
Алматыдан 848 шақырым қашықтықта болған жер сілкінісі Тараз бен Шымкентте сезілді
Фото: bugin.kz

ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі «Сейсмологиялық тәжірибе-әдістемелік экспедициясы» ЖШС сейсмикалық станциялар желісі 21 наурыз күні сағат 22:47-де жер сілкінісі тіркелгенін хабарлады.

Ведомствоның мәліметінше, жер сілкінісінің ошағы Алматыдан оңтүстік-батысқа қарай 848 шақырым қашықтықта Ауғанстан аумағында орналасқан.

«Жер сілкінісінің энергетикалық класы - 16.1. MPV, магнитудасы - 7,8. Эпицентр координаттары - 37,00°, солтүстікке қарай - 71,12° E. Тереңдігі - 120 км», - делінген хабарламада.

МСК-64 шкаласы бойынша зілзала Шымкент, Тараз қалаларында 3 балдық деңгейде сезілді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама