×

Әлем чемпионы атағы үшін айқасқан Жанқош Тұраровтың жекпе-жегі күтпеген нәтижемен аяқталды

12 раундқа есептелген жекпе-жек Тұраровтың жеңісімен аяқталды

 Халық үні 21.03.2023 | 21:58
Фото: sports.kz

Қазақстандық боксшы Жанқош Тұраров (26-0, 19 КО) Алматыда жекпе-жек өткізді, деп хабарлады Sports.kz.

Тұраров мексикалық боксшы Алехандро Менесеспен (16-5, 9 КО) IBO нұсқасы бойынша бірінші жартылай орта салмақтағы әлем чемпионы атағы үшін күш сынасты. Айта кетейік, бұл тартысқа түскен мексикалық боксшы әлем чемпионы болатын. 12 раундқа есептелген жекпе-жек Тұраровтың жеңісімен аяқталды. Қарсылас боксшы оныншы раундта шаршы алаңға шығудан бас тартты.

Жанқош Тұраров кәсіби мансабында 27-жеңісіне қол жеткізіп, IBO нұсқасы бойынша бірінші жартылай орта салмақтағы әлем чемпионы атағын иеленді. Алехандро Менесес кәсіби бокста алтыншы рет жеңіліп, атағынан айырылды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама

Министр жұмыртқа бағасына қатысты пікір білдірді

Ербол Қарашөкеев бағаның сұранысқа байланысты екенін айтты
27.05.2023 | 13:51

Фермелерге 7,5 млрд теңге төленді: кей өтінім неге мақұлданбады

Өңірлердің ауыл шаруашылығы басқармаларында 9 027 өтінім түсті
27.05.2023 | 13:18

Шымкентте клиент массажисті қорқытып, тонап кеткен

Күдікті тәулік ішінде қала көшелерінің бірінде ұсталды
27.05.2023 | 12:35

«ҚазАвтоЖол»ҰК» АҚ-да ішкі аудит: бірқатар басшыларының жұмысында бұзушылықтар анықталды

Барлық жол-пайдалану учаскелері мен пункттерінің қызметі тексеріліп жатыр
27.05.2023 | 12:04