22 наурызға арналған ауа райы болжамы жарияланды
Республиканың солтүстігінде, оңтүстік жартысында тұман болып, жел күшейеді, сондай-ақ оңтүстікте найзағай ойнайды
Ертең, 22 наурызда Қазақстан аумағындағы синоптикалық жағдайдың және қауіпті ауа райы құбылысының болжамына сәйкес, еліміздің басым бөлігінде антициклон әсерінен ауа райы жауын-шашынсыз болады.
«Тек Қазақстанның оңтүстік бөлігінде атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуімен ауа райының тұрақсыз болып, жауын-шашын (жаңбыр, қар) жауады», - делінген «Қазгидромет» РМК хабарламасында.
Республиканың солтүстігінде, оңтүстік жартысында тұман болып, жел күшейеді, сондай-ақ оңтүстікте найзағай ойнайды.