Halyq Uni логотип
×

Президент «Жүрек жылуы» қайырымдылық акциясына қатысты

Мемлекет басшысы игі істі бастаған жастарға ризашылығын білдірді

 Динара Амантай 21.03.2023 | 15:01
Президент «Жүрек жылуы» қайырымдылық акциясына қатысты
Фото: t.me/aqorda_resmi

Президент мерекелік іс-шарада «Жүрек жылуы» қайырымдылық акциясына қатысты, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Акцияның мақсаты – наурыз айы бойына халықтың әлеуметтік осал топтарына қамқорлық көрсетіп, көпбалалы отбасылардан, мүмкіндігі шектеулі жандардан, зейнеткерлерден келіп түскен хаттарда жазылған өтініш-тілектерді орындау. Еріктілер мемлекет басшысынан сандықтан алғашқы хатты алып оқуды сұрады. Қасым-Жомарт Тоқаев хатты оқып, оның иесінің тілегі орындалатынын жеткізді.

Сонымен қатар президент осынау игі істі бастаған жастарға ризашылығын білдірді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама