Абай облысында әйел 5-қабаттан құлап көз жұмды
Қазір бірқатар сот сараптамалары тағайындалған
Абай облысында әйел 5-қабаттан құлап өлді. Сот сараптамалары тағайындалған, деп хабарлайды Zakon.kz.
Абай облысы полиция департаменті 343-тоқсан ауданындағы 5-қабаттан әйелдің құлау фактісі бойынша Затон полиция басқармасы ҚР Қылмыстық кодексінің 105-бабының 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастағанын хабарлады.
Қазір бірқатар сот сараптамалары тағайындалған.
ҚПК 201-бабының 1-бөлігіне сәйкес өзге де ақпарат сотқа дейінгі тергеп-тексерудің деректері жария етілмейді.