×

Өзбекстанның алтын қоры 6,4 мың тоннаға жетті

Былтыр оның көлемі 97,8 трлн сум болды

 Дастан Жұмабекұлы 20.03.2023 | 17:44
фото: ашық дереккөз

Өзбекстандағы анықталған алтын қоры 6,4 мың тонна болды. Осы елдің Экономикалық зерттеулер және реформалар орталығының мәліметіне қарағанда, Өзбекстан түсті металдың мол қорына ие. 

Алтынның анықталған қоры – 6,4 мың тонна, күміс – 24,6 мың тонна, мыс – 21,3 миллион тонна.

Былтырғы жылдың 11 айында өндірілген алтынның көлемі 97,8 трлн сумға жетті. Бұл 2016 жылмен салыстырғанда 10 есеге көп.

Сарапшылардың есептеуінше, мысқа деген сұраныс 2030 жылға қарай 45 пайызға артып, жылына 38 мың тоннаға жетеді. Бұл электромобильдерге сұраныстың артуына және «жасыл» желінің инфрақұрылымын дамытуға байланысты болмақ.

Тұтастай алғанда, Өзбекстанда мыс пен мырышты терең өңдеу есебінен қосылған құны жоғары өнім өндіру көлемі ұлғаяды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама