Halyq Uni логотип
×

Жас депутаттарға үлкен жауапкершілік жүктелген – «Жастар Үні» ұйымы

Ұйым өкілдері қазір 100-ден аса жасқа қолдау көрсеткен

 Еркеғали Болатұлы 20.03.2023 | 16:26
Жас депутаттарға үлкен жауапкершілік жүктелген – «Жастар Үні» ұйымы
фото: дереккөз

Бұл туралы бүгін «Жастар Үні» жас кандидаттарды қолдау блогының өкілдері есеп беру баспасөз брифингінде мәлімдеді. Оған журналистер Ерқанат Көпжасарұлы, Ақбөпе Тәңірберген, Нұрсұлтан Құрман және жас депутат Дәулет Мұқаев қатысты.

Блок 20 ақпанда Алматы қаласында құрылды. Жастардың Мәжіліс пен мәслихаттардағы өкілдігі 30% квотаны жабу үшін ғана емес, жас кандидаттарға қолдау көрсету идеясы бізді алға тартты. Бүгінде 100-ден аса жасқа қолдау көрсетілді. Ең бастысы, біз оларды партиялар немесе салалар бойынша бөлмей, барлық жүгінген кандидаттарға көмектестік. Әрине біздің аудиториямыз бар болғандықтан, негізінен әлеуметтік желілерде ақпараттық қолдау көрсетілді. Жұмысымыздың маңызды көрсеткіштерінің бірі – жас кандидат, қоғамдық пікір көшбасшысы Дәулет Мұқаевтың жеңісі, - деп атап өтті журналист Ерқанат Көпжасарұлы.

«Жастар Үні» бастамашыларының бірі Ақбөпе Тәңірберген партиялық тізімдерде жас кандидаттардың өкілдігі туралы статистиканы келтіріп, блоктың жұмысы жалғасатынын атап өтті.

Кеше біз де барлығымен бірге алаңдап, атқарылған жұмыстың көрінісі бола ма екен деп, нәтижелерді күттік. «Жастар Үні» партияға қатыстылығына қарамастан өтініш білдіргендердің барлығына қолдау көрсетті. Алайда біз өзіміз үшін партиялық тізімдерде жас кандидаттардың ұсынылуы бойынша статистика жасадық. Мысалы, 19 адамның ішінен 1 жас кандидат Жалпыхалықтық социал-демократиялық партия тізімінде, «Ақ жол» – 54 адамның 6-сы, «Байтақ» – 18-ден 1-і, «Республика» – 25-тен 5-і, AMANAT – 90-нан 17-сі, «Халық партиясы» 52-ден 3-ін ұсынды. «Ауыл» партиясы – 25-тен 9-ы. Көрсеткіштер бар. Енді біз бұл жас үміткерлердің экзит-пуллдың соңғы нәтижелеріне сәйкес тізімге енгізілуі бойынша бақылаймыз, - дейді ол.

Сондай-ақ блок өкілдері қазір қандай жұмыс жүргізіліп жатқандығы туралы айтып берді.

Қазір біз хаттамаларды тексеріп, партиялық тізімдердің жариялануын күтудеміз. Жас депутаттарға үлкен жауапкершілік жүктелгенін атап өткім келеді. Өйткені оларды жас сайлаушылар, қоғамдық пікір көшбасшылары қолдайды. Олар шынымен де Парламентке жаңашылдық әкелетініне және заң шығарушы органдарды «оята алатынына» сенімдіміз, - деді Нұрсұлтан Құрман.

Айта кетейік, «Жастар Үні» блогының бір айлық қызметі кезеңінде жас кандидаттарды ақпараттық қолдау бойынша жұмыстар жүргізілді. Мысалы, подкасттар түсірілді, блогтар шықты, посттар жарияланды және т.б. Бүкіл ел бойынша 100-ден аса адам қамтылды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама