Мәскеуде ол 23 наурызға дейін болады
Қытайдың төрағасы Си Цзиньпин Ресейдің астанасы – Мәскеу қаласына барды.
Мәскеуде ол 23 наурызға дейін болады.
Бұған дейін хабарланғандай, Ресей президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песковтың айтуынша, екі ел мемлекет басшылары РФ мен Қытай арасындағы әріптестік пен өзара іс-қимылды одан әрі дамыту мәселелерін талқылайды.
Қытай Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Ван Вэньбиннің айтуынша, Си Цзиньпиннің Мәскеуге мемлекеттік сапары екіжақты қарым-қатынастардың дамуына жаңа жол ашады. Сонымен бірге кездесуде Ресей мен Қытай басшылары екі елдің экономикалық байланысын нығайту мәселесін ғана емес, Украинадағы соғысты талқылауы мүмкін.
Қазір бұл ақпаратты Батыс елдерінің БАҚ-тары да жазып жатыр. Онда Си Цзиньпин Путиннен соң, онлайн режимінде Украина президенті Владимир Зеленскиймен сөйлеседі деген дерек бар. Онда ол соғысты тоқтату үшін арағайындық жасағысы келетін көрінеді.