×

Елжаңа Таниева Әлем кубогында қола жүлдегер атанды

Бұған дейін ол осы жарыста 7-орын иеленген еді

 Дастан Жұмабекұлы 20.03.2023 | 13:40
фото: ашық дереккөз

Қазақстандық гимнастшы Елжаңа Таниева Грекияның астанасы – Афина қаласында өткен Әлем кубогы кезеңінің қола жүлдегері атанды.

Ол төрешілер тарапынан 31.550 ұпай алып, 3-орынға ие болды. Сонымен қатар, Елжаңа Таниева таспа финалында өнер көрсетіп, жүлделі орынға бір қадам жетпей, 4-орынды қанағат тұтты.

Елжаңа Таниева жақында ғана Испанияда өткен Әлем кубогы кезеңінде ұршықпен жаттығудың шешуші сынында 7-орын иеленген еді. Енді міне, ол араға бір апта салып, осы турнирде үздіктер қатарынан көрініп отыр.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама