Полиция оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр
Қарағанды облысында бұлан атқан ауыл тұрғынына қатысты қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлады Polisia.kz.
Қарағанды облысы Қарқаралы аудандық полиция бөлімі табиғатты қорғау тобының инспекторларымен «Браконьер» жедел алдын алу іс-шарасын өткізді.
Нәтижесінде бұлан атты деген күдікпен 52 жастағы ауыл тұрғыны ұсталды. Сондай-ақ күдіктіден аңшы мылтығына тиесілі оқ-дәрінің гильзасы тәркіленді. Тәртіп сақшылары оқиға орнынан көлік дөңгелігінің іздерін тапты. Күдікті аңды атқанын мойындады әрі одан айғақ заттар тәркіленді, – деп жазылған хабарламада.
Бұл дерек негізінде Қылмыстық кодекстің 337-бабына сәйкес қылмыстық іс қозғалды.
Тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.