Cолтүстік Альянстың екінші эшелоны 10-30 күн аралығында дайын болады
НАТО Ресеймен шекараға 300 мың сарбаз қою мәселесін талқылайды. Бұл туралы rg.ru хабарлады.
Солтүстік Альянсқа мүше елдердің әскери басшылары мұндай қадам шығыстағы шекараны нығайту үшін жасалатынын, алғашқы лекпен шекараға НАТО-ның 100 мың жауынгері аттандыралатынын атап өтті. Олардың құрамына 10 күнде Польша, Норвегия, Эстония, Латвия және Литва елдерінің әскери қызметкерлері кіреді.
Әскерлердің екінші эшелоны 10-30 күн аралығында дайын болады. Олар алғашқы лекке қолдау көрсетуге келеді.