×

Елена Рыбакина жеңісі үшін 1 млн доллардан астам жүлде алды

Қазақстандық теннисші финалда әлемнің 2-ракеткасы, Беларусь өкілі Арина Соболенкомен кездесті

 Халық үні 20.03.2023 | 09:32
фото:

Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина Индиан-Уэллс WTA 1000 турнирінің чемпионы атанды. Ол финалда әлемнің 2-ракеткасы, Беларусь өкілі Арина Соболенкомен кездесті.

Бір сағат 20 минутқа созылып, тартысты өрбіген бірінші партияда Е.Рыбакина тай-брейкте жеңісті жұлып алды – 7:6 (13:11).

Ол екінші сетте де есесін жібермеді – 6:4.

Екі сағаттан астам уақытқа созылған бәсеке барысында Елена 7 эйс жасап, 10 брейк-пойнттың үшеуін пайдаланды. А.Соболенко 4 эйс, 2 брейкпен (6 брейк-пойнт) шектелді.

Осылайша, алғаш рет WTA 1000 жарысының жеңімпазы атанған Елена Рыбакина Арина Соболенкодан Аустралия ашық чемпионатының финалында кеткен есені қайтарды.

Сондай-ақ Елена Рыбакина өз спорттық жолында алғаш рет әлемдік рейтингіде жетінші орынға көтеріледі.

Ол WTA 1000 Indian Wells турнирінде топ жарды.

Рыбакина Australian Open финалында жеңіліп қалған беларусь теннисшісі Арина Саболенкодан есесін қайтарды.

Енді жерлес спортшы әйелдер арасында әлемнің жетінші ракеткасы атанды. Сондай-ақ Индиан-Уэллс WTA 1000 турниріндегі жеңісі үшін 1 млн доллар жүлде жеңіп алды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама