Қазақстан командасы дзюдодан Еуропа кубогының иегері атанды
Ел құрамасы 3 алтын, 2 күміс және 2 қола жүлдемен жалпы медаль кестесінде көш бастады
Латвияның астанасы – Рига қаласында дзюдодан ерлер мен әйелдер арасында Еуропа кубогы мәресіне жетті, деп хабарлады Қазақстан дзюдо федерациясының баспасөз қызметі.
Федерация мәлім еткендей, 18 – 19 наурызда өткен жарыс қорытындысында ел құрамасы 3 алтын, 2 күміс және 2 қола жүлдемен жалпы медаль кестесінде көш бастады.
Финляндия құрамасы екінші, Украина дзюдошылары үшінші орыннан көрінді.
Қазақстандықтардан Бақытжан Абдурахманов (73 кг), Айбол Нысанәлі (81 кг) және Ерасыл Қажыбаев (+100 кг) өз салмақ дәрежелері бойынша жеңімпаз атанса, Нұрзат Сәлімбаев (66 кг) пен Еламан Ерғалиев (+100 кг) күміс, Еламан Сұлтанбай (66 кг) мен Руслан Мұсаев (81 кг) қола жүлдеге ие болды.
Айтулы додаға 24 елден 200-ге жуық спортшы қатысып, бақ сынады.