Бокстан әлем чемпионаты: Назым Қызайбайдың алғашқы жекпе-жегі сенсациялық нәтижемен аяқталды

Халық үні

Ол вьетнамдық қарсыласынан жеңілді 

Фото: vesti.kz

Бүгін, 19 наурызда Назым Қызайбай 2023 жылғы әлем чемпионатында алғашқы жекпе-жегін өткізді, деп хабарлады Vesti.kz

50 келіде өнер көрсететін Назым жарысты 1/16 финалдан бастады. Оның қарсыласы вьетнамдық Тхи Там Нгуен болды. Кездесуде қазақстандық боксшы жеңіліп қалды.

Назым Қызайбай – әлемнің екі дүркін чемпионы (2014, 2016), Азия чемпионы.