Бокстан әлем чемпионаты: Назым Қызайбайдың алғашқы жекпе-жегі сенсациялық нәтижемен аяқталды
Ол вьетнамдық қарсыласынан жеңілді
Халық үні
19.03.2023 | 23:41
Бүгін, 19 наурызда Назым Қызайбай 2023 жылғы әлем чемпионатында алғашқы жекпе-жегін өткізді, деп хабарлады Vesti.kz.
50 келіде өнер көрсететін Назым жарысты 1/16 финалдан бастады. Оның қарсыласы вьетнамдық Тхи Там Нгуен болды. Кездесуде қазақстандық боксшы жеңіліп қалды.
Назым Қызайбай – әлемнің екі дүркін чемпионы (2014, 2016), Азия чемпионы.