Halyq Uni логотип
×

Атырауда монополист компанияның заңсыз жолмен 2 млрд теңге тапқаны анықталды

Компания 4 жыл бойы газ бағасын шарықтатқан

 Айнұр Асылбекқызы 04.04.2022 | 15:47
Атырауда монополист компанияның заңсыз жолмен 2 млрд теңге тапқаны анықталды
көрнекі фото: ашық дереккөзден

Қаржылық мониторинг агенттігінің Атырау облысы бойынша аумақтық департаменті «Сұйытылған мұнай газын сақтау паркі» ЖШС (бұдан әрі - СМГСП ЖШС) басшылығына қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 221-бабы 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізуде.

2017-2021 жылдары «СМГСП» басшылығының сұйытылған мұнай газын қайталама көтерме саудада өткізу нарығындағы үстем жағдайды пайдалана отырып, сұйытылған мұнай газын қабылдау, сақтау және құю қызметтеріне жоғары баға белгілеп, бекіткені анықталды.

«СМГСП» ЖШС-ның заңсыз тапқан сомасы 2 081 659 968 теңгені құрап, ол толық көлемде қайтарылды.

Сотқа дейінгі тергеу жалғасуда. ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес өзге де деректер жарияланбайды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама