6,5 млн қазақстандық сайлауға қатысты – ОСК

Дәурен Ерболат

Бұл – тізімге енгізілгендердің 54,09%-ы

Фото: Halyq Uni

6,5 млн қазақстандық дауыс берді. Бұл туралы Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Мұхтар Ерман айтты, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Астана уақытымен сағат 16:00-дегі жағдай бойынша дауыс беру нәтижесі төмендегідей:

  • Абай облысы – 57,02%
  • Ақмола облысы – 60,01%
  • Ақтөбе облысы – 57,45%
  • Алматы облысы – 60,03%
  • Атырау облысы – 50,22%
  • Батыс Қазақстан облысы – 59,01%
  • Жамбыл облысы – 65,21%
  • Жетісу облысы – 55,32%
  • Қарағанды облысы – 59,48%
  • Қостанай облысы – 65,1%
  • Қызылорда облысы – 66,46%
  • Маңғыстау облысы – 54,08%
  • Павлодар облысы – 58,68%
  • Солтүстік Қазақстан облысы – 65,25%
  • Түркістан облысы – 53,01%
  • Ұлытау облысы – 58,99%
  • Шығыс Қазақстан облысы – 64,15%
  • Астана қаласы – 42,91%
  • Алматы қаласы – 25,82%
  • Шымкент қаласы – 45,46%

Жалпы сағат 20:00-дегі жағдай бойынша республиканың 6 млн 509 мың 695 азаматы бюллетень алды. Ол тізімге енгізілген азаматтардың – 54,09%-ы, - деді Мұхтар Ерман.

Нақтыланған деректерге сәйкес, Қазақстанда 12 млн 35 мың 4 адамның дауыс беруге құқығы бар.

Қазақстандықтардың сайлау учаскелеріне келуі туралы соңғы ақпарат Астана уақытымен сағат 22:10-да жарияланады.

Бұған дейін Қазақстанның басым бөлігінде дауыс беру аяқталғаны хабарлаған еді.