6,5 млн қазақстандық сайлауға қатысты – ОСК
Бұл – тізімге енгізілгендердің 54,09%-ы
6,5 млн қазақстандық дауыс берді. Бұл туралы Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Мұхтар Ерман айтты, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.
Астана уақытымен сағат 16:00-дегі жағдай бойынша дауыс беру нәтижесі төмендегідей:
- Абай облысы – 57,02%
- Ақмола облысы – 60,01%
- Ақтөбе облысы – 57,45%
- Алматы облысы – 60,03%
- Атырау облысы – 50,22%
- Батыс Қазақстан облысы – 59,01%
- Жамбыл облысы – 65,21%
- Жетісу облысы – 55,32%
- Қарағанды облысы – 59,48%
- Қостанай облысы – 65,1%
- Қызылорда облысы – 66,46%
- Маңғыстау облысы – 54,08%
- Павлодар облысы – 58,68%
- Солтүстік Қазақстан облысы – 65,25%
- Түркістан облысы – 53,01%
- Ұлытау облысы – 58,99%
- Шығыс Қазақстан облысы – 64,15%
- Астана қаласы – 42,91%
- Алматы қаласы – 25,82%
- Шымкент қаласы – 45,46%
Жалпы сағат 20:00-дегі жағдай бойынша республиканың 6 млн 509 мың 695 азаматы бюллетень алды. Ол тізімге енгізілген азаматтардың – 54,09%-ы, - деді Мұхтар Ерман.
Нақтыланған деректерге сәйкес, Қазақстанда 12 млн 35 мың 4 адамның дауыс беруге құқығы бар.
Қазақстандықтардың сайлау учаскелеріне келуі туралы соңғы ақпарат Астана уақытымен сағат 22:10-да жарияланады.
Бұған дейін Қазақстанның басым бөлігінде дауыс беру аяқталғаны хабарлаған еді.