Батыста дауыс беру жалғасып жатыр
Қазақстанның басым бөлігінде дауыс беру аяқталды, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.
Еліміздің 15 өңірінде Мәжіліс пен жергілікті мәслихат депутаттарын сайлау аяқталды. Алайда 5 өңірде: Ақтөбе, Атырау, Батыс Қазақстан, Қызылорда және Маңғыстау облыстарында дауыс беру жалғасуда.
Астана уақытымен сағат 18:00-дегі жағдай бойынша республиканың 6 млн 390 мың 46 адам бюллетень алды. Бұл – тізімге енгізілген азаматтардың 53,11%-ы.
Шетелде 5 мыңға жуық қазақстандық дауыс берді.