Ер адам сайлау учаскесіне диванмен келді

Халық үні

Ер адам сайлауға үйге киетін аяқ киім мен арқасына диван іліп алып келген

Фото: atpress.kz

Сайлаушылардың бірі дауыс беру учаскесіне диванмен келді. 

Ер адам сайлауға үйге киетін аяқ киім мен арқасына диван іліп алып келген. Қазақстандықтар бұл жайтқа қатысты таңданыстарын жасыра алмаған.

«Бізді таңғалдыру мүмкін емес деп ойласақ, енді «диван сарапшылары» қандай болатынын көрдік», - делінген видеода.

Соңғы деректерге сәйкес, Қазақстанда 6,3 млн адам сайлауға қатысты.

Айта кетейік, шетелде ең бірінші Оңтүстік Корея мен Жапониядағы сайлау учаскелері ашылған еді.