Ертісбаев дауыс берді
Оның пікірінше, сайлау тартысты өткен
Қазақстан Халық партиясының төрағасы Ермұхамет Ертісбаев сайлауда дауыс берді, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.
Ермұхамет Ертісбаев Махамбет Өтемісұлы атындағы оқушылар сарайында орналасқан №137 сайлау учаскесінде өз таңдауын жасады.
Бұл сайлау жаңа Қазақстан құруға жасалған алғашқы және нақты қадам болды. Мұндай өзгеріс президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасы нәтижесінде жүзеге асты. Мемлекет басшысы өз сөзіне адал болды. Халықаралық және ішкі жағдайға қарамастан, парламенттік сайлау өтті, - деді ол.
Оның айтуынша, бүгінгі сайлау басқасына ұқсамайды.
Тәуелсіздік тарихында алғаш рет можаритарлық жүйеге 30% берілді. Бұл – қоғамның сұранысы. Себебі отандастарымыздың басым бөлігі партия құрамында жоқ. Осылайша, қоғамдық көшбасшылар додаға түсіп, бақ сынады. Бұл ел тарихындағы ең қызықты, мазмұнды және бәсекеге толы сайлау болды, – деді Қазақстан Халық партиясының төрағасы.
Соңғы деректерге сәйкес, сайлауға 6,3 млн қазақстандық қатысқан.