Halyq Uni логотип
×

ТЖМ-ге қосымша құзырет берілуі мүмкін

Ведомство зілзала тәуекелін бағалайды

 Дәурен Ерболат 19.03.2023 | 18:00
ТЖМ-ге қосымша құзырет берілуі мүмкін
Фото: ТЖМ

Төтенше жағдайлар министрлігіне бірқатар қосымша құзырет берілуі мүмкін. Бұл туралы «Ашық» НҚА порталында жарияланды.

Үкімет қаулысындағы жобаға сәйкес, министрлікке төмендегі функциялар беріледі:

  • Адамдарды құтқару үшін және аса қажет болған жағдайда төтенше жағдайлар аймағындағы ұйымдардың байланыс, көлік құралдарын, мүлкі мен өзге де материалдық құралдарын пайдалану қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
  • Міндетті түрде мемлекеттік емес өртке қарсы қызмет құрылатын ұйымдар мен объектілердің тізбесін әзірлейді және бекiтеді;
  • Қалаларды азаматтық қорғаныс бойынша топтарға, ұйымдарды азаматтық қорғаныс бойынша санаттарға жатқызу жөніндегі өлшемшарттарды әзірлейді және бекітеді;
  • Мемлекеттік материалдық резервтің материалдық құндылықтарын сақтауға арналған объектілерді орналастыру және салу жөнінде шешімдер қабылдайды;
  • Табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлардың сыныптамасын белгілейді;
  • Өз құзыреті шегінде климаттық қатерлерден болатын дүлей зілзала тәуекелдерін бағалауды жүргізеді;
  • Кәсіби авариялық-құтқару қызметтері мен құралымдарын құру, орнын ауыстыру, қайта бейіндеу немесе тарату туралы ұйым басшылығының шешімдерін келіседі;
  • Мемлекеттік материалдық резерв саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарын әзірлейді және іске асыруды қамтамасыз етеді.

Құжат 5 сәуірге дейін ашық талқыланады.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама