×

Арақтан бас тартқан ауыл тұрғындары сайлауда тағы ерекшеленді

Елді мекенде 8 мыңнна аса адам тұрады

 Дәурен Ерболат 19.03.2023 | 13:25
Фото: Маңғыстау облысы әкімдігінің баспасөз қызметі

Маңғыстау облысы Баянды ауылының тұрғындары сайлауға ұлттық киім киіп келді, деп хабарлады Mangystaumedia.kz.

Бұған дейін ауыл халқы арақтан бас тартқан болатын.

Сайлауға ұлттық киім киіп бару туралы бастаманы ақ жаулықты аналар көтерген. Оны тұрғындар жылы қабылдап, қолдаған.

Қараңыздаршы, қандай әдемі! Бәріне киімдері жарасып тұр, - деді ауылдағы әжелер кеңесінің төрағасы Ақкүміс Дүйсенбаева.

Ауылда 4 406 сайлаушы тіркелген. Тұрғындар қос сайлау учаскесінде өз таңдауларын жасап жатыр.

Ұлттық болмысымызды сақтап қалу – ұлттық тәрбиеден басталады. Осыдан 1 ай бұрын ішімдіктен бас тарттық. Атқарушы билік, құқық қорғау органдары мен ауыл кәсіпкерлері ішімдік сатуға және сатып алуға жол бермеу бойынша өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды. Бұл қадам қылмыстың азаюына көмектеседі деп үміттенеміз. Қазір ауыл тыныш. Жастар пайдалы істермен айналысып жатыр, - деді ауыл әкімі Дастан Мұраталиев.

Айта кетейік, бүгін Қазақстан азаматтары Мәжіліс пен мәслихат депутаттарын сайлайды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама