Шетелдегі қазақстандықтар қалай дауыс беріп жатыр
Оңтүстік Корея мен Жапониядағы учаскелер ең бірінші болып жұмысын бастады
Шетелде сайлау учаскелері ашылды, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.
Шетелдегі сайлау учаскелері Қазақстанның дипломатиялық өкілдіктерінде ұйымдастырылды.
Ең бірінші болып Оңтүстік Корея мен Жапониядағы сайлау учаскелері ашылды. Сеулде №258 және Токиода №261 сайлау учаскесі таңғы сағат 07.00-де (жергілікті уақыт бойынша) жұмысын бастады.
«Мен бұл сайлау Қазақстан экономикасының дамуына жаңа мүмкіндіктер береді деп ойлаймын. Мемлекетімізге трансформация керек. Өзгерістер елдің дұрыс бағытта дамуына қуатты серпін береді деп сенемін. Қазақстан азаматы ретінде сайлауға келіп, азаматтық борышымды орындадым», - деді Сеулде алғашқы болып дауыс берген Елнұр Асанов.
Бүгінде Бейжің, Шанхай, Гонконг (Қытай) Сингапур, Куала-Лумпур (Малайзия), Ұлан-Батыр (Моңғолия), Джакарта (Индонезия), Бангкок (Таиланд) пен Ханой (Вьетнам), Омск (Ресей), Бішкек (Қырғызстан) және Дели (Үндістан), Ташкент (Өзбекстан), Ашхабад (Түрікменстан), Исламабад (Пәкістан), Душанбе (Тәжікстан), Абу-Даби, Дубай (ОАӘ), Маскат (Оман), Ереван (Армения), Баку (Әзербайжан), Астрахан (Ресей), Тбилиси (Грузия), Анкара, Ыстанбұл және Анталия (Түркия), Тегеран (Иран), Эр-Рияд, Джидда (Сауд Арабиясы), Амман (Иордания) және Дохада (Катар), Мәскеу, Санкт-Петербург, Қазан (Ресей), Кувейт (Кувейт), Аддис-Абеба (Эфиопия), Минск, Брест (Беларусь), Вильнюс (Литва), Тель-Авив (Израиль), Афины (Грекия), София (Болгария), Бухарест (Румыния), Таллин (Эстония), Хельсинки (Финляндия), Рига (Чехия), Каир (Мысыр) мен Претория (ОАР) қалаларында сайлау учаскелері өз жұмысын бастады.
Сыртқы істер министрлігі шетелдегі барлық сайлау учаскесінде қазақстандықтардың қалай дауыс бергенін тұрақты түрде хабарлайды.
Айта кетейік, бүгін Қазақстан азаматтары Мәжіліс пен мәслихат депутаттарын сайлайды.