×

Министр студенттердің қалай дауыс беретініне пікір білдірді

Олар құқығы бұзылса, омбудсменнен көмек сұрай алады

 Дәурен Ерболат 19.03.2023 | 11:16
Фото: facebook.com/sayasat

Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек қазақстандық студенттердің сайлауда қалай дауыс беретініне пікір білдірді, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Біз студенттерді сайлауға қатысуға мәжбүрлейді деген дәстүрлі сынға өте байыппен қарадық. Барлық ректорға, деканатқа, кафедраға нұсқаулар берілді. Арнайы ахуалдық орталықтар құрылды, - деді министр.

Оның айтуынша, министрлік жанынан студенттердің құқығын қорғайтын омбудсмен Айсұлу Ерниязова бар.

6 айда ол барлық студентпен және студенттік ұйым президенттерімен жеке танысты. Кез келген студент егер өзінің құқығы бұзылды немесе қысым жасалды деп санаса, оған (Айсұлу Ерниязова – автор) тікелей бара алады. Әр студент өз таңдауын жасайды. Біздің жоғары оқу орындарындағы кеңестің шешімдерімен бұл университеттерде үгіт-насихат жүргізілмеді, - деді Саясат Нұрбек.

Айта кетейік, бүгін Қазақстан азаматтары Мәжіліс пен мәслихат депутаттарын сайлайды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама