×

Үкімет отставкаға кетеді – премьер-министр

Былтыр Қазақстан экономикасы үшін ауыр жыл болды

 Дәурен Ерболат 19.03.2023 | 08:42
Фото: Үкіметтің баспасөз қызметі

Мәжіліс депутаттары сайланған соң Үкімет отставкаға кетеді. Бұл туралы премьер-министр Әлихан Смайылов айтты, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Үкімет басшысы Ұлттық кітапханада орналасқан №111 сайлау учаскесінде өз таңдауын жасады. Содан кейін журналистердің сұрағына жауап берді.

Әлихан Смайылов былтыр ауыр жыл болғанын атап өтті.

Дегенмен біз Қазақстан экономикасының нақты 3,2%-ға өсуін қамтамасыз еттік. 2 халықаралық агенттік тәуелсіз инвестициялық рейтингімізді растады. Тіпті, болжамды жақсартты. Жалпы, өткен жылы қиын жағдайларға қарамастан, экономикамыз тұрақты дамыды деп санаймын, - деді премьер-министр.

Әлихан Смайылов Үкіметтің отставтакаға кететінін де жеткізді.

Жаңадан сайланған Мәжілістің алдында Үкімет өз өкілеттігін тоқтатады. Біз отставкаға кетеміз. Жаңа Үкімет құрылғанға дейін біз өз міндеттерімізді орындаймыз. Жаңа премьер-министр кім болатынын президент пен Мәжіліс шешеді. Әрине, кез келген жағдайға дайын боламыз. Біз әрқашан мемлекет игілігі үшін жұмыс істеуге дайынбыз, - деп түйіндеді сөзін Үкімет басшысы.

Бұған дейін президент те дауыс берген еді.

Айта кетейік, бүгін Қазақстан азаматтары Мәжіліс пен мәслихат депутаттарын сайлайды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама