Сайлау – 2023: Президент дауыс берді
Ол Астанадағы Оқушылар сарайына барды

Фото: Қазақстан президентінің баспасөз қызметі
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев дауыс берді, деп хабарлады Ақорда.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Әл-Фараби атындағы Оқушылар сарайында орналасқан сайлау учаскесіне барып, Қазақстан Мәжілісі мен жергілікті мәслихаттар сайлауында дауыс берді, - деп жазылған хабарламада.
Айта кетейік, бүгін Қазақстан азаматтары Мәжіліс пен мәслихат депутаттарын сайлайды.