×

Астанада қыз ұрлап, туыстарынан ақша талап еткен өзбекстандық ұсталды

Ол қызды құда түсіп алған

 Халық үні 19.03.2023 | 08:06
фото: ашық дереккөзден

Полицейлердің ауқымды шарасы барысында Өзбекстан елінің 23 жастағы азаматы ұсталды. 

Полиция таратқан ақпаратқа сүйенсек, өзбекстандық әйел мемлекетаралық іздеуде жүрген. Ол құда түсіп 21 жастағы қызды үйінен алып кетіп, бопсалау арқылы туыстарынан ақша талап еткен.

Сонымен қатар жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында алаяқтық жасағаны үшін іздеуде жүрген 42 жастағы Өзбекстан азаматы анықталды. 

«Самарқанд қаласында ол ер адамның 1,4 млн сом ақшасын алаяқтық жолмен иемденіп, оны жұмысқа орналастыруға уәде берген», - делінген ақпаратта.

Қазіргі уақытта екі кінәлі тұлға УҰИ-ға қамалды. Оларды экстрадициялау мәселесі шешіліп жатыр. Іс-шараның бірінші күні Астана қаласының аумағында 8 қылмыскер анықталып, ұсталды. Хабар-ошарсыз кеткен 3 азаматтың орналасқан жері табылған.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама

«Сегіз айда бес елде тұрдық»: Ресейдегі мобилизациядан қашқан жігіттің оқиғасы

Байрас Азаматов еліне оралғысы келетінін айтады
09.06.2023 | 14:17

Қазақстанда Әдеп жөніндегі үздік уәкілдер анықталды

Республикалық конкурстық комиссияның отырысы өтті
09.06.2023 | 14:07

Президент Босния және Герцеговина Президиумының төрағасымен кездесті

Келіссөздер нәтижесінде екіжақты ынтымақтастықты жандандыру бойынша уағдаластыққа қол жеткізілді
09.06.2023 | 13:51

Қуантыров Қазақстанның санкцияларды айналып өтетін аумақ еместігін ескертті

Жалпы, санкция салатын – сіздер, зардап шегетін – біз, - деді министр
09.06.2023 | 13:34