Эквадорда 6,7 балдық жер сілкінді, қаза тапқандар бар
Көптеген адам зардап шеккен
Халық үні
19.03.2023 | 07:43
18 наурызда жергілікті уақытпен сағат 17:12 Эквадорда 6,7 балдық жер сілкінісі тіркелді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Еуропа-жерорта теңізі сейсмология институтына сілтеме жасап.
Зілзала ошағы Мачаладан солтүстікке қарай 60 км жерде болған.
Анадолы агенттігінің жергілік БАҚ-тарға сілтеме жасап хабарлауынша, жер сілкісінен 4 адам қаза тауып, көптеген адам зардап шеккен.