×

Үш адам көз жұмды: Павлодар облысында қайғылы жағдай болды

Кінәлі адам бес жылдан он жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін

 Халық үні 18.03.2023 | 23:11
фото: ашық дереккөзден

Марқұмдардың жеке басы анықталып жатыр,  деп хабарлайды Pavlodarnews.kz сайты. 

18 наурыз күні сағат 03:51-де Павлодар ауылында тұрғын үй өртеніп жатқаны туралы хабарлама түсті. Жеке тұрғын үй аумағында көлікжайға бекітілген бір бөлмелі газблокты ғимараттың ағаш шатыры опырылып, жалпы алаңы 40 шаршы метрде жиһаз және тұрмыстық заттар толығымен жанып кетті.

Өртті сөндіру барысында ғимараттың терезесінің жанынан екі күйген мәйіт табылды. Олардың деректері анықталуда. Ғимараттан 50 литрлік газ баллоны шығарылды. Өрт сағат 04:36-да оқшауланып, 05:10-да жойылды. Себептері мен шығыны анықталуда, – деді облыстық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметінде.

Аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 292-бабының 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Кінәлі адам бес жылдан он жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Осы түні сағат 04:09-да Павлодар қаласында Генерал Дүйсенов көшесі, 304 мекенжайында құрылыс тіркемесі өртеніп жатқаны туралы ақпарат түсті. Өрт 20 шаршы метр аумақты жалмады. Оқиға орнында өрт сөндірушілер жанып кеткен мәйітті тапты, деректер анықталуда.

Өрт сағат 04:38-де жойылды. Себеп пен залалы анықталуда.Осы оқиғаға байланысты Павлодар қаласының Төтенше жағдайлар басқармасы ҚР Қылмыстық кодексінің 292-бабының 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдарын бастады, – делінген хабарламада.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама

Дизель отынының қоры 326 мың тоннаға дейін ұлғайтылды

Энергетика саласын дамытудың өзекті мәселелері қаралды
23.03.2023 | 14:24

Шавкат Рахмонов су тасқынынан зардап шеккен бір отбасыға үй салып береді

Белгілі спортшы қиын кезеңді бастан өткерген халықпен әрдайым бірге екенін айтты
23.03.2023 | 14:01

Астана Наурыз көже дайындау бойынша рекордты жаңартты

Наурыз көже көлемі 60-тан 150 литрге дейінгі 10 қазанда дайындалған
23.03.2023 | 13:01

Ақтөбеде 42 жас отбасы баспаналы болды

Облыс әкімі арнайы сертификаттарды табыстады
23.03.2023 | 12:02