×

Kyzdar.net сайтына қыздарды жалдағандар ұсталды (ВИДЕО)

Өз қызметтері үшін жеңіл жүрісті қыздардан ақшалай табыстың 50% алып отырған

 Халық үні 18.03.2023 | 22:30
фото: polisia.kz

Түркістан облысы ПД-нің ҰҚҚК басқармасының қызметкерлері ғаламтор желісіндегі Kyzdar.net сайтында интимдік сипаттағы қызметтерді ұсынатын жарнама парақшасын құрғандарды анықтады, деп хабарлайды polisia.kz. 

Күдіктелер, Шымкент қаласының тұрғындары ұзақ уақыт бойы қыздарды жезөкшелікпен айналысуға жалдап, жеке ақпараттары мен интимдік қызмет үшін белгіленген бағаларын сайтқа шығарып отырған.  

Түркістан мен Кентау қалаларында пәтер жалға алып, оларды «массаж салоны» ретінде жасырып, интим-қызметтер көрсету үшін притон ұйымдастырған. Күдікті әйелдер өз қызметтері үшін жеңіл жүрісті қыздардан заңсыз ақшалай табыстың 50% алып отырған.     

Күдіктілер ұсталды. Олардан ақша, дәптерлер, ұялы телефондар және басқа да заттай дәлелдемелер тәркіленді. Полицияға Шымкент қаласы мен Түркістан облысының жеңіл жүріс-жүрісті 5 қызы жеткізілді.  

ҚР ҚК-нің 309-бабының 2-бөлігімен сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама

Дизель отынының қоры 326 мың тоннаға дейін ұлғайтылды

Энергетика саласын дамытудың өзекті мәселелері қаралды
23.03.2023 | 14:24

Шавкат Рахмонов су тасқынынан зардап шеккен бір отбасыға үй салып береді

Белгілі спортшы қиын кезеңді бастан өткерген халықпен әрдайым бірге екенін айтты
23.03.2023 | 14:01

Астана Наурыз көже дайындау бойынша рекордты жаңартты

Наурыз көже көлемі 60-тан 150 литрге дейінгі 10 қазанда дайындалған
23.03.2023 | 13:01

Ақтөбеде 42 жас отбасы баспаналы болды

Облыс әкімі арнайы сертификаттарды табыстады
23.03.2023 | 12:02