Halyq Uni логотип
×

БҚО-да 22 жастағы қыз суицид жасады

Марқұм Теректі ауданында туып-өскен

 Халық үні 18.03.2023 | 20:54
БҚО-да 22 жастағы қыз суицид жасады
фото: egemen.kz

Орал қаласында 22 жастағы қыз 9 қабатты үйдің төбесінен секіріп кетті, деп хабарлайды БҚО денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі. 

Ведомство мәліметінше, оқиға кеше түсте болған.

«Жедел жәрдем сағат 13:17-де шақыртылды. 2001 жылғы қыз 9-қабаттан секіріп кеткен. Көптеген жарақат алып, жедел жәрдем барған кезде қайтыс болып кетті», - деп хабарлады ведомстводан.

БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметі болған оқиғаны растап, ҚР ҚК 105-бабына сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатқанын жеткізді.

Тұрғындардың сөзіне қарағанда, марқұм Теректі ауданында туып-өскен. Кейінгі уақытта Орал қаласында жұмыс істеп жүрген. Сол күні таныс қыздары тұратын үйге барып, осындай жағдайға тап болған.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама